Облыс көлемінде тұратын мүмкіндігі шектеулі жандарға кітапханалық- ақпараттық қызмет көрсету қашан да кітапхана назарында. Оқырмандар сұраныстарына сай арнайы әдебиеттер аудандарға жеткізіледі.  

         Арнаулы кітапхана 2020 жылы 12 аудандық кітапхана пункттерін келісім шарт бойынша және  қала ішіндегі 2- кітапханалық  пункттарын (қалалық қарттар үйі мен облыстық көру қабілеті бұзылған арнаулы мектеп-интернаты) арнаулы әдебиеттермен қамтамасыз етілді.

         Аудандық ОКЖ-нің жанындағы кітапханалық пункттер бойынша мүмкіндігі шектеулі оқырмандар саны - 1775 адам, соның ішінде – 344/ көз мүгедегі бар оқырмандар болса, берілген әдебиеттер саны - 3345 дана.       

          Ұлы ақын  Абай Құнанбаевтың 175 жыл толуына орай  Теректі аудандық ОКЖ-сінде «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» ақын өлеңдерін оқу акциясы,  Қаратөбе аудандық ОКЖ- сінде «Абайдың шығармаларын үйде оқимыз!» онлайн марафоны,  Жанақала аудандық ОКЖ-інде «Абай оқулары» челленджі, Бөкей ОКЖ-де «Жасымда ғылым бар деп ескермедім...» атты библиокеруен  ұйымдастырылған.  Сонымен бірге Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Абай оқулары»  онлайн  байқауына  Ақжайық, Бәйтерек аудандарының ерекше топтағы оқырмандарын  қатыстырған.

         Әлемнің екінші ұстазы атанған Əбу Насыр Əл-Фарабидің 1150 жылдығына  Қаратөбе   аудандық  ОКЖ-сінде «Ұлы ойшы, ғұлама - Әл Фарабидің даналық негіздері» библиошолуы, Тасқала аудандық ОКЖ-сінде «Шығыстың ғұлама ғалымы – Әл-Фараби»тақырыптық сағаты, Ақжайық ОКЖ-сінде  «Әл-Фараби және оның мұралары» атты виртуальді көрмесі ұйымдастырылған.

         Қазақстанның Халық Жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтардың иегері ақын Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдық мерейтойына орай, Теректі аудандық ОКЖ-сінде «Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда»  поэзия сағаты, Қаратөбе аудандық ОКЖ-сінде «Адамзаттың Жұбаны - ұлттық рухтың жыршысы»  виртуалды кітап көрмесі, «Жұбан жырлары» дауыстап оқулары ұсынылған.

         Ақын Қадыр Мырза Әлидің туғанына  85 жыл толуына орай Бәйтерек аудандық ОКЖ-сында «Қазақ жырының Қадыры», Қаратөбе аудандық  ОКЖ-сінде «Қадыр Мырзалиев лирикасы – шындықтың айнасы», Сырым аудандық ОКЖ-сінде «Қадыр жыры мәңгілік» тақырыптарында әдеби кештер,  Тасқала аудандық ОКЖ-сінде «Қадыр Мырза Әлидің өмір жолы» атты бейнероликпен «Өлең өлкесінің қыраны» атты виртуалды кітап көрмесі, Теректі аудандық ОКЖ-інде «Елі сүйген Қадыр ақын» жыр марафоны, Шыңғырлау аудандық ОКЖ-сінде «Мені оқитын, мені ұғатын халық бар» поэтикалық марафоны өткізілген.