Ақжайық ОКЖ-нің кітапханалық пункті

Ақжайық ОКЖ –нің «Нұр» рухани отауы

Ашылу жылы - 2015 г.
Жалпы мүгедек оқырман саны - 42
Кітапханашы - Ғабдушева Дария Амангелдіқызы
Куратор - Айткалиева Марфуға Кенесқызы

2019 жылға іс- шаралар жоспары

Іс-шаралардың атауы

Мерзімі

1

«Луи Брайль: данышпан даралығы» - танымдық сабақ

/Француз тифлопедагогы Луи Брайльдің туғанына 210 жыл толуына/

Қаңтар

2

«Ауғанның от – жалыны» - танымдық-тарихи бейнебаян /Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына/

Ақпан

3

«Ана –өмірдің гүлі, тіршілік басы» - мерекелік кеш

/8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне/

Наурыз

4

«Наурыз –берекем, Наурыз –мерекем!» -

мерекелік кеш

Наурыз

5

«Бар мейіріміміз балаларға» - ертеңгілік

/1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне/

Мамыр

6

«Астана –елімнің құт мекені» әдеби-сазды кеш

Шілде

7

«Заңды білу – заман талабы» - тақырыптық кеш

/ҚР-нің Ата Заң күніне/

Тамыз

8

«Отбасым – өмір тірегім»- отбасылар жарысы

/Отбасы күніне орай /

Қыркүйек

9

«Сену, өмір сүру, жеңу» - қайырымдылық айлығы

Қазан

     

10

«Жанарым менің жүрегім» - мерекелік кеш

/13 қараша - Халықаралық зағиптар күніне/

Қараша

11

«Өлшемге сыймайтын өмірге құштарлық» - тақырыптық кеш

/Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандардың күніне, 3 желтоқсан /

Желтоқсан

12

«Тәуелсіздік жанарымның жарығы» - тақырыптық кеш

Желтоқсан

 

Қайырымдылық айлығы аясында 1 қазан қариялар күніне орай   жасы үлкендерді құрметтеу, мүмкіндігі шектеулі жандарға мейлінше көңіл бөліп қамқорлық жасау, жасөспірім оқырмандарға  ұлттық қадір-қасиеттер, үлкенді қадірлеу ,еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу мақсатында   «Қарттарым – асыл қазынам» атты әдеби –қонақ жай өткізілді. Шараға мәдениет саласының ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі  оқырмандар, кітапхананың тұрақты оқырмандары, қатысты.

Қайырымдылық айлығы аясында, мүгедектер күніне орай   тыл ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандардың  шаңырақтарында «Тағдыр түрлі, өмір бір» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында тыл ардагерлері  П.Павлова, А.Жұмағалиева аналарымыз өздерінің  еңбек жолы туралы сыр шертіп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.   

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай  «Бар мейіріміміз балаларға» атты ертеңгілік  «НҰР» рухани отауы оқырмандары арасында ұйымдастырлды.

31.05.2019

 

2019 жылдың 31 мамыр күні Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық кітапханасындағы Коворкинг орталығында «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы мен облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен «Мейірімділік жолымен» жобасы аясында «Туған жер – тағылымды тарих» тақырыбында зияткерлік ойыны өткізілді.

01.03.2019ж

 

Мерген модельді  ауылдық кітапханасында Алғыс айту күніне орай 1 топ мүгедегі Қодаров Тілепберген мен мәдениет қайраткері Таукен Ташенұлына барып үй шаруашысына көмек берілсе, Алмалы ауылдық модельді кітапханасы ауыл тұрғындарына "Сіз кімге алғыс айтасыз?" атты блиц-сауалнама жүргізді.  

 

01.03.2019ж

 

1 наурыз  Алғыс айту күніне орай «НҰР» рухани отауында «Алғысым шексіз халқыма» атты тренинг-сабағы өтті. Шараға «Психологиялық –педагогикалық түзету кабинетінің» оқырмандары қатысты. 

01.03.2019ж

 

Алғыс айту күніне орай  Қарағай ауылдык кітапханасында "Алғыс айту-парызым" атты шара өтті.