Бәйтерек ОКЖ -нің кітапханалық пункті

Бәйтерек ОКЖ-нің кітапхана пункті

Ашылу жылы - 2003 ж.
Мүгедек оқырмандардың жалпы саны- 22
Көз мүгедектер оқырман саны - 15
Кітапханашы – Тастайбек Назерке
Куратор – Убишева Улмекен Лазарқызы

2019 жылдың іс-шаралар жоспары

Іс-шаралар атауы

Мерзімі

1

«Әнің көкке қалықтаған Ғарифолла» - әдеби-сазды кеш /Халық әртісі, әнші Ғ. Құрманғалиевтың туғанына- 110 жыл/

Қантар

2

«Алғыс айту – ізгілік мерекесі» - достық кеші

Наурыз

3

«Әйел әдемі құпия әлем» - мерекелік кеш /8 наурыз- Халықаралық әйелдер күніне/

Наурыз

4

«Махаббат мәңгі ертегі» - байқауы /15 сәуір- Қозы Қөрпеш-Баян сұлу күні/

Сәуір

5

«Сиқырлы квиллинг» - мүгедек балаларға арналған квиллинг

Мамыр

6

«Жеңіс жаңғырығы» - мерекелік кеш

Мамыр

7

«Кеудесі қарияның алтын сандық» - кездесу-кеші

/1 қазан- Халықаралық қартар күніне/

Қазан

8

«Ұлылардың ұлағаты» - әдеби-танымдық кеші /Қазақ әдебиетінің классигі Бейімбет Майлиннің туғанына - 125 жыл/

Қараша

9

«Фаризаның жыр бұлағы» - жыр кеші /Қазақ ақыны Фариза Оңғарсынованың туғанына - 80 жыл/

Желтоқсан

03.05.2019

 

2019 жылдың 18 мамыр күні  Бәйтерек ауданының аудандық кітапханасында Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, қазақтың ақиық ақыны Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасына 55 жыл толуына орай «Жыры інжу, рухы биік Жұбан ақын» атты әдеби калейдоскоп өтті. 

22.03.2019

 

22 наурыз Ұлыстың ұлы күніне орай «Дәстүрім - асыл қазынам» атты мерекелік шара өтті. Ауыл тұрғындары мен кітапхана оқырмандары  жиналған шарада қазақ халқының ежелгі дәстүрі бойынша екі жастың үйлену тойы өткізілді. 

06.03.2019

 

2019 жылдың 6 наурызында аудандық кітапханада  мейірімге, көңілдері жылылыққа толы  әйелдер мерекесіне орай «Әлемнің нұры - Әйелдер» атты мерекелік кездесу кеші өткізілді.

22.02.2019

 

2019 жылдың 22 ақпан күні  Бәйтерек ауданы Перемётный ауылында облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен  "Қазақ соқырлар қоғамы" БҚО филиалы мен облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен "Мейірімділік жолымен"