Бөкейорда ОКЖ –нің кітапханалық пункті

Бөкейорда ОКЖ-нің кітапханалық пункті


Ашылу жылу - 2015 ж.
Мүгедектер-оқырман саны- 47
Көз мүгедектер оқырман саны - 16
Кітапханашы - К. Абуова
Куратор - Даулеткалиева Айжан Қайратқызы

2019 жылға іс – шалардың жоспары

Іс-шаралардың атауы

Мерзімі

1

«Ауғанның жарасы» - кездесу кеші

/Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына/

Ақпан

2

«Іздегенде табылатын қасымнан» - әдеби сазды кеш

/8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні/

Наурыз

3

«Ана деген қашанда асыл жан ғой» - қонақжай кеш

Наурыз

4

«Нарынның ол да бір ұлы» - кездесу кеші /Киноактер және кино қайраткері Нұрлыбай Есімғалиевтың туғанына - 70жыл/

Сәуір

5

«Жаңа ғасыр жастары» - ток-шоу /Саяси идеялық әдебиеттерді насихаттау жұмысы/

Сәуір

6

«Ерлігі де,есімі де ұмытылмайды» - тақырыптық кеш /Интернационалдық патриоттық тәрбие/

Мамыр

7

«Ордадан шыққан батырлар» тарихи – танымдық кеші /Өлкетану әдебиетін насихаттау/

Мамыр

8

«Зиянды әдеттерден аулақ бол» - танымдық кеш /Салауатты өмір салтын қалыптастыру/

Маусым

9

«Жайыққа ғашық жүрек» - тақырыптық кеш /Ақын Ақұштап Бақтыгерееваның туғанына - 75 жыл/

Тамыз

10

«Қарияны қадірлеу - қазақ салты» - кездесу кеші

/1 қазан - Халықаралық қарттар күні/

Қазан

11

«Ешкім де,ешнәрсе де ұмтылмайды» - тақырыптық кеш /14 қазан - Қазақстан Республикасы мүгедектер күні/

Қазан

12

«Адамгершілік – ізгілікке бастар жол» - тақырыптық кеш /15 қазан Ақ таяқ күні/

Қараша

13

«Дариға – жүрек» - әдеби-сазды кеш

/13 қараша - Халықаралық зағиптар күні/

Қараша

14

«Өзгелерге үлгі бол!» - флэш-моб /3 желтоқсан -Халықаралық мүгедектер күні/

Желтоқсан

15

«Жүрегіңде имандылық жалындасын!» - мерекелік шара

Желтоқсан

16

«Менің денсаулығым - менің болашағым» - ертеңгілік /Салауатты өмір салтын қалыптастыру/

Желтоқсан

Аудандық  кітапханада  1-қазан қариялар  күніне  орай   «Дария  кеуде тау мүсін, қарттарым аман -саумысын» қонақжай   кеші  өтті. Қонақжай  кешіміздің  қонақтары: М.Дарішева, М.Сарсенбаева, Қ.Төлеуова т.б . Ата-әжелерімізге  шара  барысында  сұрақтар  қойылып,  оқушылар тарапынан  ән мен  жыр  тарту етті. 17 оқырман қатысты.

2019 жылдың 1 наурыз күні Орда  ауылдық  модельді  кітапханасында  кітапхана  және  мәдениет  қызметкерлері  ұйымдастыруымен  Алғыс айту  күніне «Алғыс айту парызым» атты  дөнгелек үстел  өткізілді.

Бөкей орда ОКЖ Бисен  ауылдық  кітапханасында  Кеңес  әскерлерінің Ауған  жерінен  шығарылғанына  30 жыл толуына  орай  «Ауған  сөнген  шоқ, өшкен  арман,тек сенен  есте қалған...» әдиби-сазды кеші өтті. Шара барысында оқушыларға  ауған  соғысы жайлы  толық мәлімет беріліп, ауған ардагері Ж. Бияшев қатысушылармен әңгімелесіп, сұрақтарына жауап берді.

Бөкей орда аудандық  кітапхана және аудандық мәдениет  бөлімінің   қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ауданның Социалистік Еңбек Ері, зейнеткер оқырманы Е. Есімовтың 90 жылдығына арналған кездесу кеші  оздырылды. Кешке аудан әкімі Н. Рахымжанов, орынбасары Л.Қайырғалиева қатысып, зейнеткер атамызды құттықтап сый-сияпатын табыстады. Кештің соңында кітап көрмеге шолу жасалды.