http://zko-specbibl.kz/kz/integratsiyalan-an-kitapkhanaly-yzmet-k-rsetu/oral-zhalpy-lgidegi-internat-jini-1-kitapkhanaly-punkti.html#sigFreeId697c428d5b
"Орал қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемемен" жанындағы №1 кітапханалық пункті
Ашылу жылы - 1993 г.
Көз мүгедек оқырмандар саны - 10
Кітапхана менгерушісі – Попова Мария Серафимовна
Куратор: Даулеткалиева Айжан Қайратқызы
Батыс Қазақстан облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы 25 жылдан астам уақыт бойы "Орал қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемемен"тығыз байланыста. Интернат үйінің кітапханасында Әдебиет алмасу бойынша № 1 кітапхана пункті жұмыс істейді.
Айына бір рет облыстық арнайы кітапхана қызметкерлері интернат үйіне барып, арнайы әдебиетті өз оқырмандарына жеткізеді. Олардың арасында облыстық арнайы кітапхана жанындағы "Муза" поэтикалық клубының қатысушысы, І - ші көру тобының мүгедегі Резникова Светлана, кітапхананың белсенді оқырмандарын атап өткім келеді.
Брайль әдебиеттерді оқитын белсенді оқырман болып І-ші топтағы мүгедек Тимур Сауранбаев табылады. Сондай-ақ облыстық арнайы кітапхана интернат үйінде тақырыптық кештер, қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырады.