Сырым ОКЖ-нің кітапханалық пункті

2019 жылдың 14 маусым  күні  Сырым ауданы Жымпиты  ауылының мәдениет үйінде  «Қазақ соқырлар қоғамы» БҚО филиалы мен облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен «Мейірімділік жолымен» жобасы аясында «Жүректен жүрекке»  концерттік бағдарламасы өткізілді.

Ашылу жылу - 2003 ж.
Мүгедектер-оқырман саны - 21
Көз мүгедектер оқырман саны - 16
Кітапханашы - А. Тасболат
Куратор – Г. Ермекқалиева

2019 жылдың  6-ші наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсанында «Ана өмір шырағы» атты тақырыптық кеш ұйымдастырылды.

Сырым аудандық кітапханасында 2019 жылдың 4-ші қаңтар  күні  балаларға еліміздің ақиық ақыны Қадыр Мырза Әли өмірі мен шығармашылығына арналған, таланты ерек ақынның ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру мақсатында «Жайықтың жыр қыраны - Қадыр ақын» атты әдеби сазды кеш ұйымдастырылды.