14.03.2019

 

2019 жылдың 14 наурыз күні Жақсыбай ауылдық кітапханасында «Көрісу - ізет пен ілтипат» атты танымдық сағат оздырылды.

 

Ауыл әкімі А.Қаратаев оқырмандарды құттықтап, ежелден келе жатқан дәстүрлі мейрам екендігін, батыс өңірінде ғана сақталып, игі дәстүр ретінде ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан мейрамның мәні зор екенін жеткізді. Кітапхана меңгерушісі С.Айтуғанова  қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт - дәстүрін, Көрісу мейрамы туралы айтып өтті.