1 маусым -  Халықаралық  балаларды қорғау күніне орай  Тау модельді ауылдық кітапханасының меңгерушісі  Г.Газизова мен әлеуметтік қызметкер А.Утешевалар ерекше білімді қажет ететін балаларды мерекелерімен құттықтап, сый – сияпат табыстады. Түрлі тәттілер мен ойыншықтар алған  балалар ерекше қуанды.  Кітапхана қызметкерлері мейірімділік пен жақсылық жасауда, қызықты да әсерлі оқиғалардың ортасында болуы үшін аянып қалмайтындарын жеткізді.