2019 жылдың маусым айының 7-сі күні аудандық кітапхананың мүмкіндігі шектеулі оқырманы, І топ мүгедегі  Т.Балмағамбетовтың үйіне аудандық балалар кітапханасының  кітапханашысы  Э.Утемисова  барып,  оқырманға облыстық арнаулы кітапханасынан келген  дыбыстандырылған кітаптарды тыңдатып, дауыстап оқулар өткізді.

 

Сонымен қатар маусым айының 13-і күні кітапхананың белсенді оқырманы, көз мүгедегі К.Нигметоваға барылды. Оқырманның сұранысы бойынша 2019 жылғы аудандық қоғамдық –саяси газет «Шұғыладан»  «Отбасы – басты құндылық», «Ауыл көркін қараусыз ғимараттар бұзып тұр» , «Қазақ неге мүшелге мән береді» тақырыпта мақалалар және К.Тоқаевтың «Сарғабанда болған оқиға» шығармалары дауыстап оқылды.