Жәнібек ауданы бойынша ағымдағы жылы «Мейірбандық күндері» қайырымдылық айлығы өтуіне орай, Күйгенкөл ауылының мекеме ұжымдары бірлесіп, «Қарттарым – асыл қазынам» атты шара ұйымдастырды.Шарада қариялар естеліктерімен бөлісіп, модельді ауылдық кітапхана оқырмандары ән-жырдан шашу шашып, ақын-жазушылардың карияларға арнаған Н.Қалқаның «Ел ағасы», «Асыл жан» тағы басқа өлеңдерін нақышына келтіріп оқып берді.