Жаңақала ОКЖ-нің кітапханалық пункті

Ашылу жылы - 2003 ж.
Жалпы мүгедек оқырман саны - 35
Көз мүгедектер оқырман саны - 14
Кітапханашы – Нұрғалиева Айнұр Сансызбайқызы
Куратор – Такесова Эльмира Саматқызы

 Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің зағип және көзі нашар көретін оқырмандармен 2020 жылға арналған жұмыс жоспары.

 

 

Іс шаралар атауы

 

Мерзімі

1

«Бірге үйренейік»  - қолөнер бұйымдарын жасау

Тоқсан сайын

2

  Кітапхана жанындағы «Коворкинг» орталығына педагогикалық түзету мамандарымен бірге психологиялық сағаттар өткізу

Тоқсан сайын

3

 «Көктемдей көркем әйелдер»  - мерекелік кеш

 /8-Наурыз Халықаралық әйелдер күні/

Наурыз

4

 «Сау болу - сәнді»   - дөңгелек үстел

 /7 Сәуір  денсаулық күні /

Сәуір

5

 «Ынтымағы жарасқан ел боламыз»  -  бірлік сағаты 

/1-Мамыр бейбітшілік күні /

Мамыр

6

«Асыл қазыналы қариялар» - мерекелік кеш 

/1 қазан - Халықаралық қарттар күні /         

Қазан

7

«Жақсылық жасау-иманнан»  - қайырымдылық  апталығы

Апта бойы

8

«Арайлап атқан таңменен, жарқырап күліп жүреміз» -  мотивациялық кеш 

/Халықаралық  зағиптар күні /

Қараша

9

«Елбасы-жеке тұлға » -  ақпараттық сағат 

/1 Желтоқсан -Тұңғыш Президент күні/

Желтоқсан

Аудандық кітапхананың  Коворкинг орталығында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай  Н.Ә.Назарбаев ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету, жас ұрпақты Отанын сүюге, елжандылыққа,ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында «Тұлға туралы толғамдар» атты салтанатты кеш  өткізілді.

30 қазан күні коворкинк орталығында Педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінің  тәрбиенушілерімен бірлесіп «Жылы жүрек-жомарт қол» қайрымдылық айлығына байланысты тәрбие сағаты өтті.

1 Қазан – Халықаралық қарттар күніне орай аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Коворкинг» орталығында «Ел іші қариясымен еңселі» тақырыбымен мерекелік кеш өтті. Шараға «Қариялар», «Ата - әже»  әніндері орындалды.Шараға 15 оқырман қатысты.    

Аудандық кітапханада 1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Қазақстан - достық шаңырағы» атты әдеби сазды кеш оздырылды.   Кеш барысында  ең алдымен Жаңақала аудандық ОКЖ директоры Д.Даниярқызы  көпшілікке  жүрекжарды ақ тілегін білдірді. Әдеби сазды кеш әрі қарай күймен көмкерілді.

24 сәуір аудандық кітапханада №2 ЖЖОББ мектебінің ұстазы Аманкелді Ғабиденұлының ұйыдастыруымен «Жастар кітап оқи ма?» тақырыбында ой бөлісу алаңы оздырылды.

12 сәуір аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Жаңақала мектеп гимназия жатақханасында «1001 Маржан» кітапханалық жобасы мен «Бір ел –бір кітап» акциясы аясында Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» атты романын насихаттау мақсатында әдеби танымдық кеш өтті.