10 cәуір аудандық кітапхана жанындағы Коворкинг орталығында "Мәдени тынығу" клуб мүшелерімен «Денсаулық сағаты» оздырылды. Денсаулық қоғам байлығы, сондықтан қоғамдағы әрбір азаматты хал-ахуалын жетік біліп, дені сау, сымбатты, шыныққан салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында өткен шараға аудандық ауруханадан дәрігер онколог Дәурен Талапқалиұлы, психолог мамандар Анаргүл Исламқызы, Зердегүл Алпысқызы «Дәрігер дәптері» айдарында сөз алып, қатысушыларға:

«Әрбір адам әдетте денсаулықтың қадірін ауырғанда білетіні өкінішті, сондықтан дәрігерлік тексеруден жиі өтіп, салауатты өмір салтын ұстанып, жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру баршамыздың міндетіміз»,- дей келе «Денсаулығыңызды күтіңіз», «Дене шынықтыру жүктелімі не үшін қажет», «Салауатты өмір салтын үстан!» тақырыбымен парақшалар таратты. Арнайы дайындалған "Денім сау болсын десеңіз" тақырыбында кітап көрме жасақталып, шолу жасалды.