12 сәуір аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Жаңақала мектеп гимназия жатақханасында «1001 Маржан» кітапханалық жобасы мен «Бір ел –бір кітап» акциясы аясында Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» атты романын насихаттау мақсатында әдеби танымдық кеш өтті.   

 

Ә.Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтар қойылып, оқырмандар белсенді түрде ойларын ортаға салды. Кітап көрмеге библиографиялық шолу жасалып, кітап қорына келіп түскен жаңа әдебиеттермен таныстырылды. Сонымен қатар жасөспірімдерге "Бір ел-бір кітап" акциясы төңірегінде сауалнама жүргізілді.