24 сәуір аудандық кітапханада №2 ЖЖОББ мектебінің ұстазы Аманкелді Ғабиденұлының ұйыдастыруымен «Жастар кітап оқи ма?» тақырыбында ой бөлісу алаңы оздырылды.

Жасөспірімдер арасынан сөз алған оқырмандар кітапты ғаламтор арқылы оқитындарын және кітап оқу жастар арасында сиреп барады деп тұжырымдаса, пікірге қарсы сөз алған оқырмандар өздері қалаған әдебиеттерін кітапханаға келіп оқитындарын және кітап оқу болашақта да жалғаса беретінін сеніммен айта отырып, өз ойларын ортаға салды. Аудандық кітапхана мамандары «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген «Буккросинг» ұйымдастырып, «Кітапхана және  жастар» тақырыбында сауалнамалар жүргізді.