Аудандық кітапханада 1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Қазақстан - достық шаңырағы» атты әдеби сазды кеш оздырылды.   Кеш барысында  ең алдымен Жаңақала аудандық ОКЖ директоры Д.Даниярқызы  көпшілікке  жүрекжарды ақ тілегін білдірді. Әдеби сазды кеш әрі қарай күймен көмкерілді.

Содан соң «Қырғыз бен грузин айтысы» көрінісі қойылды. Кітапхна мамандарынан құралған түрлі ұлт өкілдері  әнмен, бимен шашу шашты. Және де сол ұлт өкілдерінің тағамдарын даярлап, көпшілікке ұсынды. Шара соңында «Атамекен» әні айтылды.