Құрметті  пайдаланушылар!

 

БҚОЗНКАААК келесі қызмет түрлерін ұсынады:

 

  • Үйге қызмет көрсету абонемент оқырмандарына әдебиеттерді жеткізу;
  • Жайпақ баспа қаріп түріндегі әдебиеттерді жеке дауыстап оқуды ұйымдастыру ;
  • Кітапханашы көмегімен жеке және топтық дауыстап оқулар;
  • Сырттай оқитын абонемент оқырмандарына  почта арқылы жіберу ;
  • Көз мүгедек балалар мен жұмыстанатын мамандарға және  олардың ата-аналарына  анықтамалық - ақпараттық  қызмет көрсету;
  • Тапсырыс бойынша анықтамаларды орындау;
  • Жайпақ баспа қаріп түріндегі мәтіндерді Брайль принтері арқылы шығару және дыбыстандыру;
  • Телефон бойынша түскен сұраныстарға ақпарат беру және дайындау;
  • Көзі көрмейтін мүгедектерді Брайль жүйесі бойынша жазу және оқу дағдыларына үйрету;
  • Пайдаланушыларға ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін компьютерлік жабдықтарды, тифлотехникалық құралдарды беру;
  • Электрондық ресурстар мен Интернетке қол жеткізу қамтамасыз ету;
  • Электрондық поштаны құру, қабылдау және жіберу (кітапхананың зағип және нашар көретін пайдаланушылары үшін);
  • Көзі көрмейтін және нашар көретін пайдаланушыларға кітапханалық қызмет көрсету мәселелері бойынша облыстың көпшілік кітапханаларының кітапханалық пункттеріне  әдістемелік көмек көрсету.