«Акжайық» зияткерлік клубы

Ашылған жылы: 2012 ж.

Ашылу мақсаты:

- жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мүмкіндігі шектеулі жандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру;

- дарынды және білімді пайдаланушылардың зияткерлік мүдделерін және шығармашылық қабілеттіліктерін ашуға мүмкіндік туғызу;

- интеллектуалдық Online-ойындар өткізу арқылы, мүмкіндігі шектеулі жандардың арасындағы қарым-қатынас шекарасын кеңейту.

 

Клуб отырысы ойын өткізу кестесіне сәйкес өткізіледі.

Клуб отырысы айына 1 (бір) рет өткізіледі;

Зияткерлік ойын жылына 3 (үш) рет ұйымдастырылады.

Клуб жетекшісі - Даулеткалиева Айжан Қайратқызы

 

31.05.2019

 

2019 жылдың 31 мамыр күні Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық кітапханасындағы Коворкинг орталығында «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы мен облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен «Мейірімділік жолымен» жобасы аясында «Туған жер – тағылымды тарих» тақырыбында зияткерлік ойыны өткізілді.

14.12.2018ж

 

2018 жылдың 14 желтоқсан күні  Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры»  мақаласын насихаттау мақсатында облыстық арнаулы кітапханада  «Не?Қайда?Қашан?»  екінші қысқы зияткерлер ойыны өткізілді.