«Денсаулық» сауықтыру клубы

Ашылған жылы: 2017 ж.

Клуб мақсаты: салауатты өмір салтын ұстанғысы келетін және дәстүрлі және халықтық медицинаның әдістері мен құралдары, сауықтыру мәселелеріне қызығушылық танытатын адамдардың бос уақытын ұйымдастыру және оларды біріктіру.

Клуб міндеттері:

  • сауықтыру гимнастикасын өткізу;
  • табиғатта туристік жорықтар мен демалысты ұйымдастыру;
  • медицина, спорт және салауатты өмір салты туралы әдебиетті насихаттау;
  • жеке және қоғамдық гигиена бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру;
  • зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету.

Клуб отырысы тоқсанына 1 рет өтеді.

Клуб жетекшісі: Сабырова Светлана Мәлікқызы

 

2019 жылы 14 тамыз күні кітапханада "Денсаулық" сауықтыру клубының мүшелері "Жастар таңдауы - спорт!" тақырыбында жас спортшыларымен  кездесті. Кездесуге кітапхананың жас оқырмандары, көру мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Олар - Қазақ соқырлар қоғамының Орал оқу-өндірістік кәсіпорнының қызметкері Мырзашев Миржан және М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-нің студенті Ізқұлова Шынар.

28.02.2019ж

 

2019 жылы 28 ақпанда облыстық арнаулы кітапханада салауатты өмір салтын насихаттау аясында "Денсаулық" сауықтыру клубының кезекті отырысында №5 қалалық емхана дәрігер-психолог Г. Хамзинамен кездесу өтті.