2019 жылдың 19 маусым күні облыстық арнаулы кітапханасында ұлы орыс ақыны А. С. Пушкиннің 220 жылдығына және орыс ақыны А. Ахматованың 130 жылдығына орай "Муза" клубының отырысы өтті.

 

Клуб қатысушылары орыс ақындарының өмірі мен шығармашылығымен және "Любовью дышат эти строки" атты кітап көрмесімен танысты. "Муза" клубының мүшелері  Т. Горшкова, Т. Мұхамбетов, Г. Сақып, Г. Истлеуова, М. Мұхамбетова және С. Резникова ақындарының өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар А. Ахматова мен А. С. Пушкиннің шығармашылығы бойынша бейнероликтер көрсетілді.