2019 жылдың 5 желтоқсанда облыстық арнаулы кітапханасында қазақ ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Ақұштап Бақтыгерееваның 75 жылдығына және қазақ ақыны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Муза» клубының отырысы өтті.

Кешке «Муза» клубының мүшелері, №26 ЖОББМ оқушылары, инженерлік-технологиялық колледж студенттері, сонымен қатар Орал қалалық №5 және №12 кітапхана филиалдарының кітапханашылары  қатысты.

Шарада оқырмандар «Ақын үні жырында» атты кітап көрмесімен және ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысты. «Муза» клубының мүшелері Горшкова Т. П, Мухамбетова М, Изтлеуова Г, Шапошникова Р. А, Пархоменко Ю  ақындардың  өлеңдерін оқыды. Инженерлік-технологиялық колледждің студенттері Қадырғалиев Аслан, Сәлімгереев Нұрхат, №26 ЖОМ оқушылары Бекболат Әсемгүл, Мұхамбетқали Іңкәр ақын Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқыды. Ақын шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетіліп,  шара соңында «Муза» поэтикалық клубының мүшелері алдағы жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады.