Жалынды жастар

20.08.2019ж

 

2019 жылы 14 тамыз күні кітапханада "Денсаулық" сауықтыру клубының мүшелері "Жастар таңдауы - спорт!" тақырыбында жас спортшыларымен  кездесті. Кездесуге кітапхананың жас оқырмандары, көру мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Олар - Қазақ соқырлар қоғамының Орал оқу-өндірістік кәсіпорнының қызметкері Мырзашев Миржан және М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-нің студенті Ізқұлова Шынар.

Ашылған жыл:  2017ж               

 

Ашылу мақсаты:                                     

 

  • Жастарды  кітап оқуға ынталандыру, оқу мәдениетін көтере отырып, көркем әдебиетті насихаттау,  рухани өнегелікті бойына жинақтаған  парасатты азаматтарды қалыптастыру.
  • Жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға дағдылану және шығармашылық қабілеттін шындау.
  • Клубтың жұмыс жүргізу тәсілі:

Ұжымдасу, талдау, мәдени кештер, экскурсия, ақыл-кеңес, шебер-сынып. Клуб отырысы айына 1 (бір) рет өткізіледі.

Клуб жетекшісі: Жумагулова Жұлдыз

 

«Жалынды жастар»  жастар клубының

2019 жылға  жұмыс жоспары

 

Шаралар атауы

Мерзімі

1

2019 жылға жұмыс жоспарымен танысу

 

ақпан

 

2

«Ауғанның отты жалыны» патриоттық кеш

ақпан

3

«Цифрлық Қазақстан – болашаққа көзқарас»

қаңтар

 

 4

«Білімді жастар – Ұлттың

     жарқын болашағы»                           

       /ой – бөліс сайысы/

наурыз

 

5

«Рухани жаңғыру – жастар көзімен »

  /кездесу кеші/

мамыр

6

 «Жастар салауатты өмір  

      салтын қолдайды»                        

    /қала ішінде саяхат/

·          

тамыз

 

7

«Таңғы жаттығу»     

/жастар флеш-мобы/

 

маусым – тамыз

 

8

«Парасыз болашаққа –бірге» калейдоскоп сағаты

қазан

9

        2019жылдың қорытынды.

  2020 жылға жоспарды талқылау

желтоқсан

03.05.2019ж

 

Биыл 2019 жыл жастар жылы деп жарияланғаны бәрімізге мәлім.  Жастар жылы үлкен мүмкіндіктер жылы.

 

21.02.2019ж

 

21 ақпан күні облыстық  арнаулы  кітапхана  ұйымдастыруымен «Жалынды жастар» клубының кезекті отырысы өтті. Жастар клубының  отырысының тақырыбы «Ауғанның отты жалыны» Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл толуына арналды.