«...Екі филантропқа Валентина Гаюи мен Луи Брайльге адамзат қазіргі уақытта көзі көрмейтін адамдардың іс-қимыл жасай және жұмыс істей алатынына борышты» 

                                      К. К. Грот - XIX ғасырдың қоғам қайраткері

 

 

 

Валентин Гаюи

(1745-1822)

 

 

Француз тифлопедагогы, зағиптарды оқыту мен тәсілін құрушы  Валентин Гаюи 1745 жылы Сен-Жюст қалашығында, Францияның солтүстігінде, тігінші отбасында дүниеге келген. Ол алғашқы білімді, үлкен ағасы Рене-Жюст екеуі жергілікті шіркеу мектебінен, ал жоғары  білімді  Парижде алды.    

  

Үлкен ағасы Рене-Жюст минералогия және крис­таллография саласында белгілі ғалым болды. Валентин Гаюи бірінші болып зағиптар туралы ойын былай білдіреді: - "Егер зағип адамды сауаттылыққа үйретсе, зағип адам жетістк пен нәтижеге ойлы еңбегімен жетеді...". Ол осы ойын іске асыру ушін бүкіл өмірін  арнайды.

 

Валентин Гаюи Дидро және басқа да философтардың  сокырлар туралы ойларымен таныс болды. Ол өзі  бірнеше рет зағип пианист Марией Фон Пара-дизпенде кездеседі.

 

Бұл оған  болып жатқан жағдайдың  әсері Валентин Гаюиді жаңа іспен шұғылдануға, яғни зағиптарды  қоғамның  пайдалы мүшесіне айналдыруға себеп болды.

 

"Святые камни" шіркеуінде кездескен зағип бала Франсуа Лезюер, кейін оның бірінші окушысы болды. Ол баланы үйіне алып келіп, сауаттылыққа оқытады. Алғашқы  оку орталығы  көзден  айырылган  балалар үшін "Еңбекші зағип шеберханасы" болып аталынды.

 

Валентин Гаюи 1787 жылы тәжірибе түрінде Франция королі XVI Людовикке өзінінің, 24  шәкіртінің  жетістіктерін  көрсетті.  Бірақ Ұлы Француз революциясы Валентин Гаюидің өз елінде педагогикалық қызметіне тосқауыл қояды.

 

1786 жылы Парижде "унициал" түрінде басылған "Қысқаша француз грамматикасы" жарыққа шығады. 1810 жылы орыс тілінде  "Қысқаша  бастауыш негізгі орыс грамматикасы" Петербургта жарияланды.

 

Оқу орталықтары жанынан зағиптарға арналған баспахана және бедерлі сызықтық  әдебиеттермен қамтамасыз етілген  кітапхана  ашылады.

 

1822  жылы  дүниеден  озды. Париж  зағиптарының  қолдауымен, 1861 жылы ескерткіш орнатылды. Ескерткіш  зағип баланың отырған көрінісін бейнелейді, оның  оң  қолы баланың  басында, зағиптың  тізесінде ашылған кітаптан бала саусақпен оқып отыр, бейнеленген сызыктық бедерлі- нүктелі қаріп түрінде жазылған сөз - "Валентин Гаюи"

 

 

Луи Брайль

(1809-1852)

                                              

 

Луи Брайльдың есімі- әлемнің миллиондаған жанарынан айырылған жандардың жанына жақын тұтқан ардақты есімі.

 

Луи Брайль Франция астанасы  Париждің қасындағы Шағын  Купвре қаласында 1809 жылдың  4 қаңтарында дүниеге келген. Ол үш жасқа толғанда  үлкен бақытсыздыққа тап болып, көз жанарынан  айрылды.

 

1819 жылы қаңтарда Луи Брайль Париждегі  зағиптар институтына қабылдаңып, онда  ол үлкен педагогикалық қабілеттілікпен айқындалады. Ол жолдастарына сабаққа дайындалуға көмектесіп, музыка шығармаларын жаттауға, тоқуды және үйде киетін киімдерін тігуді үйретеді.

 

Луи Брайль зағиптар институтын бітіріп, математика пәнінің мұғалімі болып қалады.

 

1825 жылы Луи Брайль зағиптар үшін бірінші рет шығарған жазу жүйесін француз алфавитында бедерлі алты нүктелік негізінде ұсынады.

 

Брайль жүйесінде жазу үшін Луй Брайль арнайы аспап ұсынады. Бұл аспапты  кейін зағип пайдаланушылар жетілдіріп қолданды.

 

1837 жылы Парижде бедерлі-нүктелі қаріппен басылған "Қысқаша Франция тарихы " деген атпен кітап жарыққа шығады.

 

1870 жылы  Халықаралық  зағиптар  конгресінде Брайль жүйесі бекітіліп, әлемдегі барлық елдердің зағип жандарын оқытуға  және  осы  жүйені басып шығаруға негіз болады.

 

1881 жылы Ресейде бұл жүйе іске асырылады.

 

1852 жылы 6  қаңтарда Луи Брайль дүниеден өтті, бұл Париждегі көзі көрмейтіндерге қайғылы хабар болды. Ол өзінің туған жері Купвреде жерлеген.

 

1887 жылы мамыр айында Луи Брайльға Купвреде ескерткіш ашылды.

 

          

Морис де Ла Сизеран

(1857-1924)

 

 

Морис де ла Сизеран 1857 жылы суретші отбасында дүниеге келді. Ол тоғыз жасынан көз жанарынан айырылады. Зағип балаларға арналған Париж институтында білім алып, сонда музыка оқытушысы болып қабылданады.

 

Зағип өмірінің жағдайын  талдай отырып, Морис Сизеран өзінің күш – жігерін әлеуметтік, кәсіби, ағартушылық сұрақтарды тұтастықта шешуге жұмсайды. Ол мемлекет тарапынан қолдау таппаса да, өзіне қайырымдылық жасаушыларды назар аудартып тарта отырып, оны зағиптардың рухани  және материалдық қажеттілігін қанағаттандыруға жұмсады.

 

1883 жылы Парижде екі айлық журнал шығара бастайды. Олардың аттары "Луи Брайль" және " Брайлевское обозрение" деп аталынды. Ол сонымен қатар "Валентин Гаюи" журналын басып шығарушы және редакторы.

 

1889 жылы Сизеран Валентин Гаюи атындағы  қауымдастығын  құрып, онда  жиналған  мүшелік  жарна қайырымдылыққа жұмсалады. Парижде үш қабатты зағиптар үйін салғызады.

 

Бедерлі – нүктелі қаріпті кітап басып шығару үшін Морис Сизеран зағиптар үйінің жанынан  баспахана ашты.

 

Франция қоғам қайраткері және ірі тифлопедагог Морис Сизеран зағиптар әлемінде ғана емес, бүкіл әлемге белгілі болды.