Доцент,  филология  ғылымының  кандидаты. 1896 жылы 2 қаңтарда Калинин ауданы Калининск облысы Николя ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1920 жылы толықтай  көз  жанарынан  айырылды. 1926 жылы Тверь педагогикалық институтына оқуға түсті. Оқуды бітіргеннен кейін Мәскеу аспирантурасына  жіберілді.

 

1934  жылы  аспирантураны бітіріп, Орал педагогикалық институтына орыс әдебиеті кафедрасының доценті ретінде  жіберілді. Сонда ол 1966 жылға дейін жұмыс істеді. Көз жанарынан айырылғанына  қарамастан, оның дәрістері білікті, әдістемелік жағынан төзімді, мазмұны жағынан бай нақты материалда салынған.

 

Оқытушылық қызметімен қоса ғылыми жұмыспен  айналысады. 1955 жылы "Взгляды Л.Н.Толстого на искусство в 90-е годы" атты тақырыбындағы кандидаттық  диссертацияны қорғап, филология ғылымының кандидаты дәрежесі беріледі.

 

Өзінің негізгі жұмысынан басқа Куликов институт пен Қазақ соқырлар қоғамының өміріне белсенді қатысты. Орал қаласында зағиптарға арналған кітапхана ашылуына ат салысты.

 

Григорий Куликов "Қажырлы еңбегі үшін" және "Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" атты медальдармен және көптеген  алғыс хаттармен    марапатталған.