Ақын Мартынов Илья Гаврилович 1935 жылдың 30 шілдеде Оренбург облысының Первомайск ауданының Соболево ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін 9-шы Әскери бастапқы авиациялық ұшқыштар мектебіне оқуға түседі.

 

Оның курстасы болашақ ғарышкер Герман Титов болды, бірақ  20 жасында лейтенант, ұшқыш-техник Илья Мартынов денсаулығына байланысты  әскерден босатылды. Ол Омбы авиациялық зауытында слесарь мамандығынан бастап, инженерге дейін өсті. Отбасы жағдайына  байланысты мамандықты ауыстырып, мектепке ауысты. Сырттай педагогикалық  институтты, кейін Свердлов жоғары партия мектебін бітірді. Аудандық партия комитетінде жұмыс істеді.

 

Илья Мартыновқа  Герман  Титовтың  ғарышқа ұшуына  өте қуанып,  бір рухпен  "Товарищу другу" өлең жазды.

 

1962 -1963 жылдары ол "Маме", "8 марта", "Весенне утро", "Год великих свершений" және т. б. өлеңдер жазды. Сонымен қатар "Нам нужен мир" өлеңімен аудандық байқауды  бірінші орынға ие болды. Сол кезде  Илья Мартынов  Омба облысы Москаленск ауданының мәдениет бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істейді. Облыстық көркемөнерпаздар байқауының қорытындысы бойынша аудан ІІ орынды иеленді.

 

1964 жылы Илья Гаврилович педагогикалық институтты бітіріп, отбасымен туған жеріне - Орынбор облысының Первомайский ауданына көшіп келді. Аудан инспекторы, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, лектор-международник  жұмыстарын атқарды.

 

1973  жылы  Мартыновтар  отбасы  Орал облысының Приурал ауданына (қазіргі Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданына) көшіп келді. Бұл жерде ол парторг, Приурал аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Макаров ауылдық кеңесінің төрағасы, тарих, орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, Чувашин орта мектебінің директоры болып жұмыс істейді.

 

1995 жылы  зейнеткерлікке шықты. Құрметті демалыста болса да, ақындық шығармашылықпен белсенді айналысады.

 

2007 жылы Батыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасы Илья Мартыновтың "Мой Казахстан"  атты  өлеңдер  жинағын  шығарды. Бұл кітап Брайль бойынша және дыбыстандырылған түрде шықты.

 

2011 жылы  "Мой Казахстан" атты II-ші өлеңдер жинағы жарық көрді. 

 

2015 жылы Батыс Қазақстан облыстық арнаулы кітапханасында ақын Илья Гаврилович Мартыновпен кездесу кеші өтті.

 

2017 жылы "Нұр Отан" партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының қолдауымен "Полиграфсервис" баспаханасында Илья Мартыновтың "Менің Қазақстаным" III-ші кітабы шықты.    

 

Бүгінде Илья Мартыновтың есімі Орал маңында ғана емес, көрші  облыстарға да танымал.