Жаңалықтар

Руханияттың киелі ордасы- облыстық арнаулы кітапханасында ағымдағы жылдың 27 қараша күні ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, айтыскер, ақын Шолпан Қыдырниязовамен және ҚР білім беру ісінің үздік қызметкері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің және Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгісінің иегері, ақын Дариға Мұштанова «Туған жерім – тұғырым!»  кездесу кеші өткізілді.

2019 жылдың 22 қараша күні С.М. Киров атындағы қалалық мәдениет және демалыс саябағында "Денсаулық" клубының  қатысушыларымен экскурсия өтті.

2019 жылдың  20 қараша күні  облыстық арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен көрнекті жазушы  Бейімбет  Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай «Көркемсөздің аса үлкен шебері» әдеби кеші  өткізілді.

2019 жылдың  13 қараша  Халықаралық зағиптар күніне орай Жастар  шығармашылық орталығында Облыстық арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен  «Рухы мықты жандар» қайырымдылық кеші оздырылды.

Қазан айының 6 жұлдызында облыстық арнаулы  кітапханасында Ұлы орыс ақыны Михаил Юрьевич Лермонтовтың 205 жылдығына арналған әдеби портрет кеші өтті.

Қазан айының 29 жұлдызында облыстық арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен «Дениз» мейрамханасының демеушілігімен «Жан жылуын сыйлайық» атты оқырмандардың басын қосқан мерекелік кеш өткізілді.