Ақының 100 жылдық мерейтойына орай Батыс Қазақстан облысының зағип және нашар көретін кітапханасында «Мен қазақпын» онлайн байқауы ұйымдастырылды. Байқауға Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Шымкент облыстарының арнаулы кітапханаларының оқырмандары мен облысымыздың Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Казталовка, Сырым, Теректі, Шыңғырлау орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің көптеген оқырмандары белсене қатысты.

 

«Мен - қазақпын» онлайн байқауының қорытындысы қазылар алқасының шешімімен, 2020 жылдың 7 қазанда кітапхананың әлеуметтік желілерінде жарияланады.

 

Қазақ әдебиетін шоқтығы биік шығармаларымен байытқан қаламгер Жұбан Молдағалиевтың туғанына 100 толу мерейтойына орай өткен «Мен қазақпын» онлайн байқауының Бас жүлде иегері Меруерт Құдесенова - Қызылорда облыстық арнаулы кітапханасының оқырманы, I орын иегері Бибінұр Гумарова БҚО Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасының оқырманы, II орынды Балкен Ибраева - Павлодар облыстық арнаулы кітапханасының оқырманы және Амангелді Асманбетов БҚО Бөрлі ауданы Пугачев ауылдық кітапханасының оқырманы иеленді. Сонымен қатар жүлделі III орынды Ғалима Хасенова Қарағанды облыстық арнаулы кітапханасының оқырманы, Мадина Ермаханова Шымкент қалалық арнаулы кітапханасының оқырманы, Мақпал Мұхамбетова Батыс Қазақстан облыстық арнаулы кітапханасының оқырманы  иеленді.