2020 жылдың 23 қазан күні «Туған жерім-тұғырым» жобасы аясында «Көркем елім-туған жерім» атты Сырым ауданына арналған кезекті ностальгия кеші өтті. Кеште Сырым ауданы туралы бейнеролик көрсетіліп және осы ауданда туған кітапхана оқырмандары туған жер туралы сыр шертіп, ой бөлісті. Камалиден Айтпаев туған жер туралы ән шырқап, кітапхананың жас оқырмандары Қадыр Мырза Әлидің өлеңдерін жатқа оқыды.