2020 жылдың 17 қараша күні Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен «Интернет кеңістігін мүмкіндігі шектеулі жандарға оңалту әдісі ретінде пайдалану» онлайн семинар өтті. Семинарға аудан кітапханаларындағы мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыстанатын кітапхана мамандары қатысты. Шараны арнаулы кітапхана директоры Қ.Бурамбаева ашып, кітапхана жетістіктеріне тоқталып, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Семинар барысында тифлоақпараттық-библиографиялық бөлім басшысы К.Қадырбекова жаңадан түскен тифлоқұралдар, бедерлі-графикалық және көпформаттық басылымдармен таныстырып өтсе, кітапхана окырманы, ҚСҚ құрметті мүшесі, Ғ.Құрманғалиев атындағы филармониясының әншісі Қ.Ж. Бердіғалиев заманауи оқырмандар пайдаланатын флешплеер қолдануын ережесін түсіндіріп өтті. Сонымен қатар кітапхана әдіскері А.Қайыр аудан кітапханалырының мүмкіндіге шектеулі оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсету жұмысы туралы айтып өтті. Онлайн кітапханалық қызметіне қызмет көрсету бөлімінің басшысы А.Даулетқалиева тоқталып, қатысушылармен зияткерлік тренинг өткізді. Сонымен қатар, Ақжайық, ОКЖ-нің «Нұр» отауы кітапханашысы Д,Губашева «Нұр отауы – ерекше оқырмандар үшін ақпараттық алаңы», Жаңақала аудандық кітапханасының кітапханашысы А.Нургалиева «Ақпараттық қоғамдағы кітапппен оқудың жаңа мүмкіндіктері», Шыңғырлау аудандық кітапханасының кітапханашысы Ж.Молдагалиева «Жаңа форматтағы кітапханалық қызмет» баяндамаларын оқыды. Семинар соңында «Бір кітаппен біргеміз!» бағдарламасының түсаукесері ұйымдастырылып, бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Алма сөресі»- «Яблочная полка» эстафетасы Ақжайық аудандық кітапханасының «Нұр» рухани отауына жолданды.