«Наурыз - көктем мейрамы» -«Наурыз – праздник весны» мерекелік телекөпір 19 наурыз күні Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы және Саратов облыстық арнаулы кітапханасы өзара бірлесіп «Наурыз - көктем мейрамы» -«Наурыз – праздник весны» мерекелік телекөпір ұйымдастырды. Шара Батыс Қазақстан облыстық арнаулы кітапханасы директордың м.а. М. К. Айткалиева, Саратов облыстық арнаулы кітапханасының директоры О. И. Новикова және Саратов облыстық қоғамдық ұйымының «Қазақстан» мәдени орталығы» төрайымы Ү. М. Жунелбаеваның құттықтау сөзімен ашылды. Телекөпір барысында облыстық арнаулы кітапханалар оқырмандарының қатысуымен «Наурыз - достық мерекесі» әдеби - музыкалық композициясы және «Бесікке салу» ұлттық салт-дәстүрі көрсетілді. Телекөпір «Біз біргеміз!»- «Мы вместе» флешмобымен аяқталды.