2019 жылдың 28 маусым  күні  Қаратөбе  ауданының  мәдениет үйінде  «Қазақ соқырлар қоғамы» БҚО филиалы мен облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға

арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен «Мейірімділік жолымен» жобасы аясында «Жүректен жүрекке»  концерттік бағдарламасы өткізілді. Шара барысында «Сәулелі нұр әкелуші» кітап көрмесі, зағип және нашар көретін азаматтарға арналған «Тифлоқұралдар» көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды. Шара ҚСҚ қоғамының  көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Кітапхананың 50 жылдығы қарсаңында орайластырылған мәдени шара «Ауыл» көрінісімен бастау алып,  «Әдеби әлем» клуб мүшелерінің қатысуымен «Армандауға болмай ма?» әзіл – сықақ көрінісін көтеріңкі көңіл- күймен бірге тамашалап, Ескендір Хасанғалиевтің әндерінен құрылған  попурриді қосыла шырқады. Шара соңында Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, өнерлеріне жоғары баға беріп, алғыс хаттар табыстады.