2019 жылдың 28 маусым  күні  Шыңғырлау  ауданының  мәдениет үйінде  «Қазақ соқырлар қоғамы» БҚО филиалы мен облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен «Мейірімділік жолымен» жобасы аясында «Жүректен жүрекке»  концерттік бағдарламасы өткізілді.

Шара барысында  «Сәулелі нұр әкелуші» кітап көрмесі, зағип және нашар көретін азаматтарға арналған «Тифлоқұралдар» көрмесі   оқырмандар назарына ұсынылды. Шара ҚСҚ қоғамының  көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.  Мерекелік шара « Ұлы Дала» көрінісінен бастау алып, «Әдеби әлем» клуб мүшелерінің қатысуымен өткен әзіл – сықақ көрінісін көтеріңкі көңіл – күймен бірге тамашалап, ұлы композитор, вальс королі Шәмші Қалдаяқовтың  әндерінен құрылған  попурриді   қосыла шырқады.

Шара соңында Шыңғырлау  ауданы әкімінің орынбасары Ержан Рысжанұлы Тұрмағамбетов  ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, өнерлеріне жоғары баға беріп, алғысхаттар табыстады.