2019 жылдың  29- шы мамыр күні Бөрлі  аудандық мәдениет үйінде «Жүректен жүрекке» атты  акциясы бойынша концерттік бағдарлама оздырылды. Шара Қазақ соқырлар қоғамы мен Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға  арнаулы кітапханасымен бірлесе ұйымдастырылды.

 

Облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының құрылғанына  50 жыл толу қарсаңында өтті. Шараға облыстық  кітапхана қызметкерлері мен жасөспірім оқушылардың және Қазақ соқырлар қоғамының мүшелерінің  қатысуымен түрлі бағдарламалар қойылды. Қонақтарды Бөрлі ауданының Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс секторының оқырмандары, басқа да көрермендер жылы қарсы алып, көрермендер залында концерттік бағдарлама тамашаланды.

 

Шара соңында Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ғ.Т.Баймукашева және Бөрлі ауданының жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  басшысы О.М.Басимова сөз алып, келген қонақтарға рахметін айтып, алғыс хаттарын табыс етті.