2019 жылдың 26 шілде  күні  Казталов  ауданының  мәдениет үйінде  «Қазақ соқырлар қоғамы» БҚО филиалы мен облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен «Мейірімділік жолымен» жобасы аясында «Жүректен жүрекке»  концерттік бағдарламасы өткізілді.

 Шара барысында  «Сәулелі нұр әкелуші» кітап көрмесі, зағип және нашар көретін азаматтарға арналған «Тифлоқұралдар» көрмесі   оқырмандар назарына ұсынылып, таныстырылды.  Шара  «Казталов- құт мекенім!» әдеби композициясымен басталып, ҚСҚ қоғамының  көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Шара соңында Казталов ауданы әкімінің  аудан әкімі аппараты басшысы  А.Исламбеков  ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, өнерлеріне жоғары баға беріп, алғысхаттар табыстады.