2019 жылы 14 тамыз күні кітапханада "Денсаулық" сауықтыру клубының мүшелері "Жастар таңдауы - спорт!" тақырыбында жас спортшыларымен  кездесті. Кездесуге кітапхананың жас оқырмандары, көру мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Олар - Қазақ соқырлар қоғамының Орал оқу-өндірістік кәсіпорнының қызметкері Мырзашев Миржан және М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-нің студенті Ізқұлова Шынар.

        

Мырзашев Миржан бала кезінен жеңіл атлетикамен айналысады.  Спорт шеберіне үміткер. 2017 жылы Атырау қаласында өткен мүгедектер арасындағы жеңіл атлетикадан республикалық спартакиадада III-ші орынды иеленді, 2018 жылы Өскемен қаласында өткен мүгедектер арасындағы жеңіл атлетикадан ҚР Чемпионатында II-ші орынды иеленді. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Ақтөбе қаласында өтетін республикалық параолимпиада ойындарына қатысады.

        

Ізқұлова Шынар мүгедек спортшылар арасындағы тоғызқұмалақтан және шахматтан Қазақстан Республикасы чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы. Бүгінде  Шынар М. Өтемісов атындағы БҚМУ-нің "Дене шынықтыру және спорт" факультетінің студенті.  Шынар жоғары оқу орнының өміріне белсенді қатысады. Студенттік спорттық іс-шараларды ұйымдастырушы, кәсіпкерлік қызметті енгізу бойынша бизнес-жаттықтырушы болып табылады. Сондай-ақ Шынар Enactus Kazakhstan халықаралық қозғалысының БҚО бойынша өкілі.

        

Кездесу қонақтары өздерінің спорттық жетістіктері, болашақ мақсаттары мен жоспарлары туралы айтып, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді.