2019 жылдың 12 қыркүйек күні «Ақжайық этноауылы» ұлттық мәдени кешенінің шығармашылық алаңында облыстық арнаулы кітапханасы белгілі ақын Сағынғали Сейітовтің шығармашылығына арналған әдеби-сазды кешін ұйымдастырды.

Шара барысында кітап көрмесімен таңыстырылып, ақынның өлеңдер оқылды. Сонымен қатар кітапхана оқырмандары орындауында Сағынғали Сейітовтың сөзіне жазылған әндер шырқалды.