2019 жылы 13 қыркүйекте Тұңғыш Президент алаңында орналасқан "Этноауыл Ақжайық" ұлттық-мәдени кешенінде облыстық арнаулы  кітапханасы тифлотехникалық құралдар  көрмесін ұйымдастырды.

Сонымен қатар өлкеміздің зағип  ақыны Илья Гаврилович Мартыновтың шығармашылығын  насихаттау бойынша  поэзиялық  кеш өткізілді. Іс-шараға ақынның шығармашылығы туралы кітап көрмесі дайындалды, онда Илья Мартыновтың өлеңдер жинағы бедерлі-нүктелі, дыбысталған және жалпақ баспа түрінде ұсынылды. №9 ЖОББМ оқушылары ақынның өлеңдерін оқыды.