12 тамыз "Арнаулы кітапхана және оқырман" атты бейнесюжет өткізілді. Бұл бейнесюжет кітапханамыздың белсенді оқырманы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші, термеші, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының әншісі, ҚСҚ-ның Құрметті мүшесі Бердіғалиев Қатимолла Жәңгірұлына арналады. Сонымен қатар, Қатимолла ағамыз биыл Республикалық арнаулы кітапханасы ұйымдастырған ұлы ақын А. Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Ізбасары Абайдың" атты онлайн-байқауының «Қарты бар елдің, қазынасы бар» аталымының І орын иегері.