15 желтоқсан облыстық арнаулы кітапхана ағымдағы жылдың ақпан айында бастау алған «Біз кітаппен біргеміз» кітапханалық жобасы аясында ерекше балаларды кітапханаға тарту, кітапхана оқырманы ретінде қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылған «Алма сөресі» кітап эстафетасын қорытындылады.
«Алма сөресі» кітап эстафетасына 12 аудандық кітапхана және 30-дан аса ауылдық кітапхана қатысқан болатын. Аталмыш эстафетаны ұйымдастыруға атсалысқан барлық аудандық және ауылдық кітапханалар ерекше балаларға арналған қызықты кітап сөресін жасақтаумен қатар, кітаптарды насихаттауда түрлі балаларға арналған мәдени іс-шаралар өткізіп, балаларды кітап оқуға шақырды. Барлық жұмыстардың бейнематериалдары кітапхананың әлеуметтік желілерінде жарияланып отырды.
Эстафетаға қатысушылар кітапхана атынан Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
https://zko-specbibl.kz/kz/aktsiyalar-baj-aular-zhobalar-snizu-vverkh/2021-alma-s-resi-kitap-estafetasy.html#sigFreeIdf5fc0454c9