Айтқалиева Марфуға Кеңесқызы  1966 жылы 30 қарашада Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Чапаев ауылында дүниеге келді.

1986 жылы Орал қаласындағы мәдени-ағарту училищесін, 2002 жылы  Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институтын кітапханашы-библиограф  мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Чапаев аудандық балалар кітапханасында кітапханашы қызметінен бастады. 1988-1990 жылдары аталмыш кітапхананың әдістемелік-библиографиялық бөлімінің кітапханашысы,  кейін әдіскер болып жұмыс жасады. 1994-2004 жылдары Чапаев ауылындағы  орталықтандырылған  кітапханалар жүйесінің  директоры  қызметін атқарды.

 2004 жылдан бастап Батыс Қазақстан облыстық  зағип  және нашар көретін азаматтарға арналған  арнаулы кітапханасында кітапханашы-библиограф, 2005-2010 жылдары  аталған кітапханада әдістемелік-библиографиялық бөлімінің басшысы, 2011 жылы қызмет  көрсету бөлімінің меңгерушісі, 2012-2015 жылға дейін  толықтыру және өңдеу бөлімінің  басшысы  лауазымдарын атқарған. 2015-2021 жылдары директор орынбасары болып  қызметін атқарды.

2021 жылдың ақпан айынан бастап «Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының  Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  уақытша  директордың  міндетін  атқарушы.

Жалпы еңбек өтілі-34 жыл, саладағы еңбек өтілі- 34 жыл.

ҚР Мәдениет министрілігі, Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының алғыс хаттарымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен (2016), «Үздік қызметкер» төсбелгісімен (2019) марапатталған.