КММ «Батыс Қазақстан облысы мәдениет, тілдерді дамыту жзәне архив ісі Батыс Қазақстан облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасы»- республиканың батыс өңіріндегі жетекші мамандандырылған кітапханалардың бірі. Кітапхана қорында дәстүрлі түрдегі барлық білім саласын қамтитын бедерлі-нүктелі қарпі түрдегі әдебиеттер, соның ішінде бедерлі-графикалық құралдар, дыбыстандырылған және жайпақ-баспа қаріптегі әдебиеттер және электрондық басылымдар жинақталған.
1969 жылы Қазақ ССР Министрлігі бұйрығымен республиканың облыс орталықтарында арнайы кітапханалар жүйесінің негізі қаланды.
Бұл жылдары арнайы кітапхана ісіне еңбегі сіңген, абзал азаматтың бірі, кітапхананың тұңғыш директоры, І топтағы көз мүгедегі Николай Николаевич Леванов басқарды.
Қалыптасу және даму кезеңдері |
|
1969 год |
Кітапхана құрылуы жылы. |
1971 год |
Алғашқы рет кітапханаға катушечный магнитофондар мен дыбысты кітаптар кітапхана қорына келіп түсті. |
1984 год |
Кітапхана үнтаспадағы тифломагнитофондармен жабдықтала бастады |
1989 год |
Кітапханаға облыстық мәртебесі берілді. |
1998 год |
Кітапханада Брайль жүйесін үйреніп меңгеру үшін «Брайлист» үйірмесі ашылды. |
2002 год |
Кітапханада тифло-ақпараттық библиографиялық сектор ашылды |
2003 год |
Барлық санаттағы мүгедектерге қызмет көрсету «Қайырымдылық» бағдарламасы жүзеге асырылды. |
2004 год |
Зағип жандарға кітаптарды жақындау үшін аудандық орталықтан- дырылған кітапхана жүйесі жанынан кітапхана пунктері ашылды. |
2005 год |
«Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде кітапханаға тифлокешен тарту етілді. |
2006 год |
Бедерлі-нүктелі қаріп түрінде кітаптарды шығару үшін брайльдық принтері алынды. |
2007 год |
Кітапханада «АИС- СБ РК» автоматтандырылған ақпараттық бағдарламасы енгізілді. |
2008 год |
Кітапханада бедерлі-нүктелі қаріп түрінде қоғамдық «Луч» газетінің алғашқы номері шықты. |
2009 год |
Зағип және нашар көретін пайданушыларды компьютерлік сауатылыққа оқытатын ақпараттық-компьютерлік зал ашылды. |
2010 год |
Дыбысты кітаптарды өндеу бөлімі және дыбыс студиясы ашылды. |
2011 год |
«Көпшілік интеграцияланған кітапханалық қызмет көрсету»- зерттеу. |
2012 год |
«Ақжайық» интеллектуалды клубының ашылуы және Online ойынының алғашқы рет өтуі. |
2013 год |
«Шексіз кино» жобасы еңгізіді. |
2014 год |
«Арнаулы кітапхана ақпараттық кеңістікте» республикалық практикалық конференция өтті. |
2014 год |
Бедерлі-нүктелі қарпі түрінде «Балбұлақ» бабалар журналы шығарыла бастады. |
2014 год |
«Ерекше балаларға - ерекше кітаптар» қайырымдылық акциясы жарияланды. |
2015 год |
«Әдеби әлем» жастар шығармашылық клубы құрылды. |
2016 год |
«Қадыр әлемі» үйірмесінің ашылуы. |
2017 год |
«Сырласу» қыз-келіншектер және «Денсаулық» клубтары ашылды. |
2017 год |
Кітапхана ақын және ғалым Сағынғали Сейітовтың 100 жылдығына арналған әдістемелік-библиографиялық, инновациялық құралдар байқауында 1 орынды иеленді. |
2018 год |
Кітапхана «Астана – халықтар бірлігінің отаны» атты еліміздің арнайы кітапханалар арасында нүктелі-бедерлі қаріптегі ең үздік кітаптар байқауынан жүлделі І орынды иеленді. |
2019 год |
«Мейірімділік жолымен» атты жобасы енгізілді. |
2019 год |
Кітапхана «Рухани қазына -2019» байқауының «Үздік облыстық маңызы бар зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасы» номинациясын жеңімпаз болып аталып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ДИПЛОМЫ және 1000 000 теңгенің СЕРТИФИКАТЫН иеленді. |
2019 год |
Кітапхананың құрылғанына 50 жыл толуына арналған «Кітапхана достарын шақырады!» ашық диалог аланы ұйымдастырылды |
2019 год |
Зағип оқырмандар арасында «Кітапхана менің өмірімде» байқауы жарияланды. |
2019 год |
Брайль түріндегі өлкетану бағытында «Ең үздік кітап» байқауы жарияланды. |
2020 год |
#ҮйдеБіргеОқимыз#ЧитаемВместеДома#ÚideBirgeOqimyz# - онайн-челлендж жарияланды. |
2020 год |
Ақын Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдық мерейтойына орай «Мен қазақпын» онлайн байқауы өткізілді. |
2021 год |
«Алма сөресі» кітап эстафетасын өткізілді. |
2021 год |
«Өнерде өрге жүзгендер» жобасы еңгізілді. |
2022 год |
Түркістан қаласында өткен мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің V-ші «Рухани қазына - 2022» республикалық фестивалінде «Үздік айрықша қажеттігі бар азаматтарға арналған кітапхана қызметкері» номинациясы бойынша кітапханашы Т. Қалиолла жеңіске жетті. |
2022 год |
Қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 150 жыл толуына орай Ғ. Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Ұлттың ұлы ұстазы» аймақтық шығармашылық байқауында кітапхана әдіскері Г. Саменова Бас жүлдеге ие болды. |
2022 год |
Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай ҚР Ұлттық кітапханасы ұйымдастыруымен өткен «Мұхтар Әуезовті оқимыз» Халықаралық байқауында Батыс Қазақстан облыстық арнаулы кітапханасы І- орынға ие болды. |
2022 год |
«2022 жыл - Балалар жылы» аясында кішкентай оқырмандардың кітапқа деген қызығушылықтарын, оқуға деген құштарлықтарын арттыру мақсатында «Кітап&kids» әдеби кеме» онлайн ақпараттық жобасы, «Қуырмаш» тифлоkids-студиясы» ақпараттық шығармашылық жобасы аясында қызықты, креативті жұмыстар атқарылды. |
2022 год |
«Арнаулы кітапхана – мәдени инклюзивті кеңістікте» кітапханалық диалог ұйымдастырылды. |