Батыс Қазақстан облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасы- республиканың батыс өңіріндегі жетекші мамандандырылған кітапханалардың бірі. Кітапхана қорында дәстүрлі түрдегі барлық білім саласын қамтитын бедерлі-нүктелі қарпі түрдегі әдебиеттер, соның ішінде бедерлі-графикалық құралдар, дыбыстандырылған және жайпақ-баспа қаріптегі әдебиеттер және электрондық басылымдар жинақталған.
1969 жылы Қазақ ССР Министрлігі бұйрығымен республиканың облыс орталықтарында арнайы кітапханалар жүйесінің негізі қаланды.
Бұл жылдары арнайы кітапхана ісіне еңбегі сіңген, абзал азаматтың бірі, кітапхананың тұңғыш директоры, І топтағы көз мүгедегі Николай Николаевич Леванов басқарды.
Қалыптасу және даму кезеңдері
1969 жыл - Кітапхана құрылуы жылы
1971 жыл - Алғашқы рет кітапханаға катушечный магнитофондар мен дыбысты кітаптар кітапхана қорына келіп түсті.
1984 жыл- Кітапхана үнтаспадағы тифломагнитофондармен жабдықтала бастады.
1989 жыл- Кітапханаға облыстық мәртебесі берілді.
1998 жыл- Кітапханада Брайль жүйесін үйреніп меңгеру үшін «Брайлист» үйірмесі ашылды.
2002 жыл- Кітапханада тифло-ақпараттық библиографиялық сектор ашылды.
2003 жыл- Барлық санаттағы мүгедектерге қызмет көрсету «Қайырымдылық» бағдарламасы жүзеге асырылды.
2004 жыл - Зағип жандарға кітаптарды жақындау үшін аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі жанынан кітапхана пунктері ашылды.
2005 жыл - «Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде кітапханаға тифлокешен тарту етілді.
2006 жыл - Бедерлі-нүктелі қаріп түрінде кітаптарды шығару үшін брайльдық принтері алынды.
2007 жыл- Кітапханада «АИС- СБ РК» автоматтандырылған ақпараттық бағдарламасы енгізілді.
2008 жыл- Кітапханада бедерлі-нүктелі қаріп түрінде қоғамдық «Луч» газетінің алғашқы номері шықты. Газет тоқсанына 1 рет шығады.
2009 жыл- Зағип және нашар көретін пайданушыларды компьютерлік сауатылыққа оқытатын ақпараттық-компьютерлік зал ашылды.
2010 жыл- Дыбысты кітаптарды өндеу бөлімі және дыбыс студиясы ашылды.
2012 жыл- «Ақжайық» интеллектуалды клубының ашылуы және Online ойынының алғашқы рет өтуі.
2013 жыл- «Шексіз кино» жобасы еңгізіліп, алғашқы рет «1+1» фильміне тифлокомментарий жасалды.
2014 жыл- «Арнаулы кітапхана ақпараттық кеңістікте» республикалық практикалық конференция өтті.
2014 жыл- Бедерлі-нүктелі қарпі түрінде «Балбұлақ» бабалар журналы шығарыла бастады.
2015 жыл - «Ерекше балаларға - ерекше кітаптар» қайырымдылық акциясы жарияланды.
2016 жыл - «Әдеби әлем» жастар шығармашылық клубы құрылды.
2016 жыл - «Қадыр әлемі» үйірмесінің ашылуы.
2017 жыл - «Сырласу» қыз-келіншектер және «Денсаулық» клубтары ашылды.
2017 жыл - Кітапхана ақын және ғалым Сағынғали Сейітовтың 100 жылдығына арналған әдістемелік-библиографиялық, инновациялық құралдар байқауында 1 орынды иеленді.
2018 жыл - Кітапхана "Астана – халықтар бірлігінің отаны" атты еліміздің арнайы кітапханалар арасында нүктелі-бедерлі қаріптегі ең үздік кітаптар байқауынан жүлделі І орынды иеленді.
2019 жыл - «Мейірімділік жолымен» атты жобасы енғізілді.
2019 жыл - Кітапхана "Рухани қазына -2019" байқауының "Үздік облыстық маңызы бар зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасы" номинациясын жеңімпаз болып аталып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ДИПЛОМЫ және 1000 000 теңгенің СЕРТИФИКАТЫН иеленді.
2019 жыл - Кітапхананың құрылғанына 50 жыл толуына арналған «Кітапхана достарын шақырады!» ашық диалог аланы ұйымдастырылды.
2019 жыл - Зағип оқырмандар арасында «Кітапхана менің өмірімде» байқауы жарияланды.
2019 жыл - Брайль түріндегі өлкетану бағытында «Ең үздік кітап» байқауы жарияланды.