Құрметті пайдаланушылар!
БҚОЗНКАААК келесі қызмет түрлерін ұсынады:
- Үйге қызмет көрсету абонемент оқырмандарына әдебиеттерді жеткізу;
- Жайпақ баспа қаріп түріндегі әдебиеттерді жеке дауыстап оқуды ұйымдастыру ;
- Кітапханашы көмегімен жеке және топтық дауыстап оқулар;
- Сырттай оқитын абонемент оқырмандарына почта арқылы жіберу ;
- Көз мүгедек балалар мен жұмыстанатын мамандарға және олардың ата-аналарына анықтамалық - ақпараттық қызмет көрсету;
- Тапсырыс бойынша анықтамаларды орындау;
- Жайпақ баспа қаріп түріндегі мәтіндерді Брайль принтері арқылы шығару және дыбыстандыру;
- Телефон бойынша түскен сұраныстарға ақпарат беру және дайындау;
- Көзі көрмейтін мүгедектерді Брайль жүйесі бойынша жазу және оқу дағдыларына үйрету;
- Пайдаланушыларға ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін компьютерлік жабдықтарды, тифлотехникалық құралдарды беру;
- Электрондық ресурстар мен Интернетке қол жеткізу қамтамасыз ету;
- Электрондық поштаны құру, қабылдау және жіберу (кітапхананың зағип және нашар көретін пайдаланушылары үшін);
- Көзі көрмейтін және нашар көретін пайдаланушыларға кітапханалық қызмет көрсету мәселелері бойынша облыстың көпшілік кітапханаларының кітапханалық пункттеріне әдістемелік көмек көрсету.