25.01.2019ж

 

25 қаңтар күні облыстық арнаулы кітаханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның Халық Жазушысы, ақын  Қадыр Мырза Әлінің шығармаларын насихаттау мақсатында «II Қадыр оқулары» байқауы өткізілді.

 

Шараның құрметті қонақтары - байқауға төрелік ететін әділқазылар  алқасының төрағасы,   танымал әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, «Қадыр Мырза Әли» қоғамдық қорының директоры, Қазақстан композиторлар Одағы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Донеділ Ізмағамбетұлы Қажымов және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, әнші-композитор Гүлнар Жұмайқызы Дәукенова. Сонымен қатар облыстық арнаулы мектеп-интернаты, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық мектеп оқушылары және «Орал-Сервис» колледжінің студенттері байқау қатысушыларының жанкүйерлері болды.

 

Байқауды Қадыр  Мырза Әлінің балаларға арналған өлеңдерінен "Балаларға  базарлық" атты әдеби  композициясымен №26 "Тұлпар" балабақшасынының бүлдіршіндері ашты.

 

Байқау 12-16 жас аралығына дейін және 17-35 жас аралығында көру қабілетті бұзылған балалар мен жастар арасында 2  номинация бойынша өткізілді:

 

1 номинация- «О, далам, менің байтағым, далам деп өлең айтамын...» (ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу)  және

 

2 номинация «Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, кейбір жырым бақташы боп жүр маңда...» (ақын сөзіне жазылған әндерін орындау).

 

Әділқазылар қорытындысы бойынша 1 номинацияда бірінші топ арасында 1 орын облыстық арнаулы мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Дәріс Ырысхан иеленсе, екінші топ жастар арасында Сақып Гауһар жүлделі орыннан көрінді. Екінші номинация бойынша 1 орынды Дәріс Ырысхан иеленді. Барлық қатысушыларға «Қадыр Мырза Әли» қоғамдық қорынан және облыстық арнаулы кітапханасынан Дипломдармен сыйлықтар табысталды. Шара барысында Қадыр Мырза Әлі өмірі мен шығармашылық жолы туралы бейнесюжеттер көрсетілді.

 

Шара соңында кеш қонағы әнші-композитор Донеділ  Қажымовтың орындауында  әндер орындалды.