«Денсаулық» сауықтыру клубы
Ашылған жылы: 2017 ж. Клуб мақсаты: салауатты өмір салтын ұстанғысы келетін және дәстүрлі және халықтық медицинаның әдістері мен құралдары, сауықтыру мәселелеріне қызығушылық танытатын адамдардың бос уақытын ұйымдастыру және оларды біріктіру. Клуб міндеттері:
Клуб отырысы тоқсанына 1 рет өтеді. Клуб жетекшісі: Сабырова Светлана Мәлікқызы
|
2019 жылы 14 тамыз күні кітапханада "Денсаулық" сауықтыру клубының мүшелері "Жастар таңдауы - спорт!" тақырыбында жас спортшыларымен кездесті. Кездесуге кітапхананың жас оқырмандары, көру мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Олар - Қазақ соқырлар қоғамының Орал оқу-өндірістік кәсіпорнының қызметкері Мырзашев Миржан және М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-нің студенті Ізқұлова Шынар.
28.02.2019ж
2019 жылы 28 ақпанда облыстық арнаулы кітапханада салауатты өмір салтын насихаттау аясында "Денсаулық" сауықтыру клубының кезекті отырысында №5 қалалық емхана дәрігер-психолог Г. Хамзинамен кездесу өтті.