28.02.2019ж

 

2019 жылы 28 ақпанда облыстық арнаулы кітапханада салауатты өмір салтын насихаттау аясында "Денсаулық" сауықтыру клубының кезекті отырысында №5 қалалық емхана дәрігер-психолог Г. Хамзинамен кездесу өтті.

 

"Денсаулық" клубының дәстүрі бойынша іс-шара таңғы жаттығудан басталды. Іс-шара барысында кездесу кештің қонағы дұрыс тамақтану, күн, демалыс және ұйқы тәртібі туралы толық айтып, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді.  Содан кейін қозғалмалы би жаттығулары өткізілді. Қатысушылар "Денсаулық - біздің байлығымыз" атты кітап көрмесімен танысты. Іс-шара соңында спорт туралы әндер шырқалды.