«Муза» поэзиялық клубы
Ашылған жылы: 2003 ж. Ашылу мақсаты:
Клуб отырысы 2 айда бір рет өткізіледі. Клуб жетекшісі- Абдулова Ақжибек Сағынғалиқызы
|
2019 жылдың 5 желтоқсанда облыстық арнаулы кітапханасында қазақ ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Ақұштап Бақтыгерееваның 75 жылдығына және қазақ ақыны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Муза» клубының отырысы өтті.
2019 жылдың 19 маусым күні облыстық арнаулы кітапханасында ұлы орыс ақыны А. С. Пушкиннің 220 жылдығына және орыс ақыны А. Ахматованың 130 жылдығына орай "Муза" клубының отырысы өтті.