Кітапхана жанынан жұмыстанатын «Муза» поэзия клубы мүшелерінің қатысуымен халқымыздың белгілі ақыны, дара тұлға Қасым Аманжоловтың туғанына 100 жыл толуына «Мәңгі өлмес өлеңі бар аңыз ақын» және орыстың ұлы ақындарының бірі Николай Некрасовтың туғанына 200 жыл толуына арналған «Клянусь,  я искренно любил!»  атты әдеби-поэзия кеш оздырылды.

         Шара барысында қос ақынның  қиындыққа толы балалық шақтары, еңбек жолдарының басталуы, алғашқы  тырнақалды туындыларының жарық көруі және әдебиет әлемінде сіңірген еңбектері туралы айтылды.

         Қасым ақынның өміріндегі Жайық өңірінің рөлі, Оралға арналған өлеңдері оқылды. Одан өзге де ақынның «Құрбыма», «Домбыра» өлеңдерін «Абдолла» поэмасын «Муза» клубының мүшелері К.Биялиева мен Т.Мухамбетов оқып берді.

         Аталмыш шара әрі қарай Николай Некрасовтың шығармашылығына ұласты.  Ақын туралы қызықты мәліметтер беріліп, «Мать» поэмасынан үзінді, «Дни идут», «Горящие письма» өлеңдерін  Шапошникова Р.А., Горшкова Т.П. оқыды.

         Сонымен қатар ақын сөзіне жазылған «Тройка что ты жадно глядишь на дорогу» әнін шара қатысушылары қосыла шырқады.