28 желтоқсан  күні  «Муза» поэзия клубының «Поэзияға арналған  100 минут» - «Сто  минут поэзии» тақырыбында кезекті отырысы болып өтті. Кітапхана оқырмандарынан құрылған жырсүйгіш клуб мүшелері сүйіп оқитын авторларының туындыларын асқан қызығушылықпен, нақышына келтіре оқыды. Сонымен қатар шара қатысушылары Ресей мемлекеттік зағиптарға арналған арнайы кітапханасы /Мәскеу қ./жолдаған  концерттік бейне-бағдарламаны тамашалады. Шара соңында 2021 жылы атқарылған клуб жұмыстар мен келер жылдың жоспары талқыланды.