12 мамырда облыстық арнаулы кітапханада зағип ақын-жазушылар шығармашылығын насихаттауға арналған «Муза» әдеби клубының отырысы өтті. Биылғы жылы ақын Николай Александрович Рыбалконың, ақын Дмитрий Евдокимович Рябухидің туғандарына 100 жыл, ақын, журналист, аудармашы Роза Захаровна Ахтямованың туғанына 75 жыл және ақын Лидия Федоровна Пенинаның туғанына 70 жыл толып отыр. Осыған орайда шара барысында қатысушыларды ақындардың өмірбаяндарымен, шығармашылықтарымен таныстыру мақсатында «И вновь душа поэзией полна» атты поэзия сағаты оздырылды. Сонымен қатар шара барысында аталған ақындардың өлеңдерін оқуға арналған «Әдеби караоке» ұйымдастырылса, сондай-ақ, есте сақтау мен зейінді дамытуға арналған «Жадыңыз жақсы ма?» атты тренинг өткізілді. «Муза» клубының мүшелері мерейтой иелері – ақындардың «Морю», «Горы», «Любителям смеха», «Земля», «Подари мне этот миг», «Я хочу чтоб цветы не вяли», «Осень», «Майское воскресенье», «Ах, какая ты!» және «Прозренье» өлеңдерін нақыштарына келтіріп орындады.