«Мейірін шашқан анашым» құрмет кеші

         8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай кішкентай оқырмандар мен арнаулы кітапхана  жанынан жұмыстанатын «Нұршуақ» отбасы  клубы мүшелерінің қатысуымен «Мейірін шашқан анашым» атты құрмет кеші  өткізілді.

         Кеш барысында кішкентай оқырмандар өз өнерлерін ортаға салып,  А.Қуандық «Еркем» әнін орындаса, Р.Мұрат мың бұрала би биледі.  Сонымен қатар М.Сатыбалдиев, Е.Мұрат, Я.Туманова ана туралы өлеңдер оқып, барлық балалар өздері дайындаған сыйлықтарын аналарына табыс етті. «Мейірімді жапырақшалар», «START-гүл», «Гүлдер қалай өседі?», «Ақылды бала» жаттығу–ойындары балаларға аналарына деген ыстық лебіздерін білдіруге мүмкіндік беріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Шараға орай жасақталған иллюстративті, тактильді, аудиокітаптардан тұратын кітап көрмесін де балалар асқан қызығушылықпен тамашалады. Кеш балалар қосыла шырқаған «Анашым»  әнімен өз мәресіне жетті.